Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  122


Автор: Ибрагим Иса

Жасыл гүлдер

Мұң да әдемі,
кезде гүлдер гүлдейтін,
Кезіп кетсем,
тұрса шалғын көркі ұнап.
Жаныма бір сыралғы дос ертіп ап,
Болса мендей жабырқауды сүймейтін.
Артымыздан сыбдыр мен шаң қалмайды,
Бәрі тыныш.
Тек қана анық бір нәрсе:
Мына дүние сұсты, сұлу түрге енсе,
Гүлден әсем жеңіл десте болмайды.
Аялдадым,
жүріп тастан жол көбін,
құлпырды күн шашып шырын шуақты,
Сонда дағы…
Жетпей тұрған сияқты,
Әлдене бір,
табылмайды ол жоғым.
Таба алмаймын жұлдыздарды өшкенде,
Кезіп жүріп шалғыны мол даланы,
Ақ жапырақ және де аппақ сабағы –
Таба алмаймын жасыл гүлді еш жерден…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу