Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  89


Автор: Ибрагим Иса

Айналдым туған даладан

Айналдым туған ауылдан,
Бұлбұл мен өзен, талы өрім.
Жерленген кезде жан анам
Жүгіріп жүрген бала едім.
– Бейіттер қайда?
Кеңес бер.
Шығар-ау, бәлкім,құлаған.
Ол арғы бетте емес пе,
Деп жауап берді бір адам.
Деп жауап берді жай ғана,
Арбалар қырдан кетті асып.
Шіркеудің маңын айнала,
Кетіпті жасыл шөп басып.
Саздауыт сайдың тұсынан,
Әзірлеп малға азықты:
Өзеннің бұрылысынан
Тағы бір арық қазыпты.
Батпақ пен балдыр жағада,
Бұл жерде талай шомылғам.
Айналдым туған даладан,
Бәрі де, бәрі жадымды.
Дуалы ескі құлапты,
Көз тартар шалғын аулақта.
Уайымсыз қарға сияқты,
Шығамын тағы шарбаққа!
Әне, тұр ағаш мектебім!
Қайтатын мезгіл туады.
Толқыны қатып өктем үн,
Соғымнан өзен қуады.
Бұлт басқан көктің реңі,
Жарқылдап жасын тұрмас па,
Күйеді сен деп жүрегім,
Шығарда жаным бір басқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу