Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  97


Автор: Ибрагим Иса

Ықылас

Армандарды өшірдік талай жағып,
Өткен күнді ұстаймыз шарайна ғып.
Анамыздың лүпілі жүрегінің
Қанымызда біздердің жүр айналып.
Сағынғасын келдім ғой түн ішінде,
Жүрейін деп сыйласып тірісінде.
Ниетіңе ырзамын, жүрегіңе,
Сендей қызбен ағайын жібісін де.
Салмақтырақ болдың ғой тым ертерек,
Болмаған соң қайтесің берер көмек.
Жезқазғанда күтіп жүр нағашылар,
Барғың келсе барып қайт бір еркелеп.
Бұтақтарың сенің де жайылуда,
Өткен күннің сіңбейді бәрі құмға.
Анамыздың артында алтын із бар,
Шамаң жетсін соларды айыруға.
Бұл дүниеде адам жоқ күрсінбеген,
Кім сүреді өмірді біз сүрмеген.
Ертеңгі ұрпақ жүрсінші әңгіме ғып,
Бір анамыз болған деп ГҮЛСІМ деген.
Бітпейді екен адамның аңсағаны,
Болашаққа жақсылар жол салады.
Жезқазғанға барып қайт, көресің ғой,
Нағашылар қуанып қарсы алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу