Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  96


Автор: Ибрагим Иса

Намыс

Сәдуақасов Жомарт ініме
Қазақ деген тегімізде,
Жараспайтын өтсе бұл күн.
Еліміз де, жеріміз де,
Көрікті боп кетсе, шіркін.
Намысы бар азаматтар,
Жүрегінің оты барда,
Еліміздің өзге мақтар,
Шығарса ғой атын алға.
Бір-ақ күндік жарық үшін,
Уәделерін үйіп қанша…
Намыстарын халық үшін,
Құлқынынан биік қойса.
Таза ой мен таза күлкің,
Болса елге жақындайтын.
Қалың халық жүрсе, шіркін
Асқақтатып атыңды айтып.
Ардақтасаң сен еліңді,
Мейіріміңді құйып барсаң,
Көмей емес, мерейіңді,
Бәрінен де биік қойсаң.
Қандай нұрлы қойған атың,
Риза саған ақын ағаң.
Тұр еңселі ғимаратың,
Абылайдың атын алған.
Жүзіндей боп ақ алмастың,
Қиын кезде жол тапқаның…
Тәрбиелеп келе жатсың,
Қайсар қазақ ұрпақтарын.
Босқа өтетін уақытты қой,
Жолың ашық тірліктегі.
Бар қазақтар бақытты ғой,
Сендей Жомарт жігіттері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу