Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  124


Автор: Ибрагим Иса

Алпыстағы ару

Талай қиын асулардан өткенсің,
Талай рет ащы терді төккенсің.
Туған елдің асқақтатар айбынын,
Сен сияқты азаматтар жеткен шың.
Саған әр кез сүйеу болды серіктер,
Сен де сүйдің.
Сүйді сені сүйікті ел,
Абырой мен ақылыңмен алынды.
Талайларға алынбайтын биіктер.
Ел басқару оңай шаруа емесін.
Мен айтпай-ақ, сен өзің де білесің.
Жауапты да, ауыр жолда осынау,
Сүрінбей де, бүлінбей де келесің.
Қиналғанда туған елің – ақылшың,
Халқың саған, сен халқыңа жақынсың.
Жүдеп бара жатқан Арал елінің
Ажарын да ашып келе жатырсың.
Қалды артыңда қанша қимас арман күн,
Көрдің жылу, ызғарын да жалғанның.
Есігінен кіріп тұрсың сен бүгін.
Алпыс деген берік, биік қорғанның.
Кеудеңдегі үміт – гүлің солған жоқ,
Бұл қорғанға аялдама, қорған көп.
Қатар шықтық алпыс деген асуға,
Нәжім досым, әзір бізде арман жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу