Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  838


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ұлықтайық ананы

Ұлықтайық ананы ата дәстүр түрінде
Атасуда анам бар деп қуанам,
Бір ғасырға, бір ғасырды жалғаған.
Бар өмірін текті жерге келін боп,
Хасеновтер әулетіне арнаған.
Дүниеге бес сәбиді әкелген,
Мәпелеген, қорғап қалып қатерден.
Немерелер, шөберелер, шөпшектер,
Үлкен әулет жұмыла жүк көтерген.
Үлкен әулет жұмыла жүк көтерген.
Ерлік деген осы емес пей,
Осы емес пей жарқыным.
Дауыл тұрып, жел соқса да,
Пана болған халқыма.
Пана болған халқыма.
Мойымаған қарлы боран, ақпандай,
Соғыстарда, қиын кезең шақтардай,
Мойымаған қайсар мінез танытып,
Аштық жайлап, ошақ сөніп жатқандай.
Тілін тапқан баламенен, бала едің,
Қайран анам пейілі кең жан едің.
Киелі едің, қаумалаған әулеттің,
Тағылымы бөлек еді, дана едің.
Ерлік деген осы емес пей,
Ей тұрса да тұнып қан майдан.
Сол қырғыннан аман қалып,
Ну орманға айналған.
Бойындағы күш-жігер,
Тартпай қоймас тегіне.
Жаңа-Арқаның топырағынан,
Ғұламалар елінен.
Жаңа-Арқаның топырағынан,
Ғұламалар елінен.
Жүз төрт жасын тойламаған,
Ер ананың ерлігін.
Тіршілікте ұлықтамай,
Билік үшін сын бүгін.
Тойламаса тойламасын, халқым-ау!
Асыл сөзін салмақтап, біздер мына тойлайық.
Ата дәстүр түрінде, руһы биік ананы-ай,
Мадақтайық, ардақтап.
Ата дәстүр түрінде, руһы биік анамыздай,
Мадақтайық, ардақтап.


 


22.05.2022 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы.


Сөзін жазған Айтбек Әліпов,
Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов.


 



 


Бұл өлең Қарағанды обылысы Жаңаарқа ауданыңдағы қарт анаға арналған, ол кісінің көзі тірі кезінде. Анамыз адам баласының қолы жете бермейтін биік шындарды бағындырып, немере, шөбере, шөпшек көрген бақытты ана. Злиша Әбішқызының жүз төртке келген шағы болатын.


 


анашым


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жумагали.
Жумагали. 26.05.2022 10:07
Болсын
Жумагали.
Жумагали. 26.05.2022 10:06
Жумак Ананын табанынын астында. Кейнги Кыздарымызда осындай Ана бодрые.
Айнур
Айнур 25.05.2022 16:47
Аналарымыз аман болсын!
25.05.2022 16:08
Осындай аналарымыз қаншама қиындық көрсе де жұбайының ұрпағын көбейтіп, отанға еңбектерін сіңдіріп халқымыздың бейбіт өмір сүруіне тілектес болды. Осындай отанға еңбегі сіңген ардақты аналарға өзі туған жердің немесе көшенің атын берсе де артық емес секілді. Ұрпақтарына да апаның жолын ары қарай жалғастыруға сабақ болар еді деп ойлаймын.
Гүлбақыт
Гүлбақыт 25.05.2022 16:03
Айтбек Рымбекович өте керемет өлен шығарыпсыз анаңызға арнап?Осындай анадан тұған Сіз бақыттысыз?
Қалдыгүл
Қалдыгүл 25.05.2022 11:06
Аналарымыз аман болсын!
Назгүл
Назгүл 24.05.2022 17:54
Үлкен бір әулеттің бұтағын жайып, тамырын тереңге тартқызған осындай аналарымыздың өмір жолы жынымен-ақ тағылымы мол, ерлік қой.

Пікір жазу