Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  329


Автор: Ибрагим Иса

Қыстаубай досқа


Айтары көп қой тіліміздің де,
Жүреміз қалай достармен бөлмей.
Болса да туған жеріміз бірге,
Ал, мінезіміз аспан мен жердей.
Кемшіліктерін бекер көремін,
Тазаратындай біртіндеп бейне.
Өлгенде кетер әпенделігін,
Көргенде кетер күлкім кеп кейде.
Көңілімді бөліп қараймын мен де,
Пейілін біліп дос алдай білген.
Өмірін көріп, аяймын кейде,
Қатын, баладан аса алмай жүрген.
Тиісіп жиі желігім тұрды,
Қателіктерін айта алмай кілең.
Жанымда жүрсе-сергім сынды,
Алыстап мүлде кете алмай жүрем.
Сөздері кейде сандырақтаған,
Баладай жүрген оянбай бейне,
Көңілін біраз қалдырып қоям,
Қаталдау сөйлеп қоям да кейде.
Біздерді бала армандар қосты,
Өткен жоқ өмір бір жүріп бекер.
Табу да қиын дәл мұндай досты,
Бұртиып кетіп, ыржиып келер.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу