Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  113


Автор: Ибрагим Иса

Жанып тұрған сияқты көзіңде күн...

Жанып тұрған сияқты көзіңде күн,
Сезімімді ояттың сезілмейтін.
Қалай ғана сен жоқта жүрдім екен,
Қазір менің сен жоқта есіл дертім.
Сен екенсің іздеген бір ақ құсым,
Көңілім де өзіңе құлапты шын.
Алақанға жүретін салып қана,
Балапаны аққудың сияқтысың.
Қарағаның ғажап-ау күлімсіреп,
Дауысыңнан айналдым сенің жібек.
Тасып толған кезім жоқ саған дейін,
Ғашық болған екенмін бірінші рет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу