Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  122


Автор: Ибрагим Иса

Ұйқым қашты сені ойлап...

Ұйқым қашты сені ойлап...
үш күн болды,
Саған қарай құс болып ұшқым келді.
Дәл өзіңді сүйгендей бұл жалғанда,
Сүйе алмайтын шығармын ешкімді енді.
Маған сенің әр сөзің ән сияқты,
Жүрегіме сәуле боп тамшылап тұр.
Бұл жалғанда ешкім де есі кетіп,
Ғашық болмаған шығар мен сияқты.
Көргенімнің айналды бәрі елеске,
Сені ойлаймын ертеден қара кешке,
Ұйықтап жүрген екенмін бұған дейін,
Ұйқымнан да оятқан сен емес пе..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу