Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  108


Автор: Ибрагим Иса

Жүрегіме атыңды шегеледім...

Жүрегіме атыңды шегеледім,
Сен сұрасаң жанымды берер едім.
Ұстасам да, сүйе алмай қиналамын,
Ар жағында тұрғандай керегенің.
Сені іздеймін көзімді ашамын да,
Елестейсің тұрғандай қарсы алдымда.
Отқа түскен көбелек сияқтанып,
Жанып кетіп жүрмейін құшағыңда.
Аққуым да өзіңсің, елігім де,
Көргім келіп тұрады сені күнде.
Алақанға түскен қар сияқтанып,
Еріп кетіп жүрмейін ерініңде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу