Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  167


Автор: Ибрагим Иса

Сен тұратын көше

Сен тұратын көше қымбат маған.
Жүрісіңнен әсем ырғақ табам.
Жанарыммен сипап сәлемдесіп,
Қолымды үнсіз іштей бұлғап қалам.
Сен тұратын көше сұлу маған,
Жанарыңнан неше сыр ұрлағам.
Жүзің жанып тұр ғой жүрегімде,
Жымиып бір маған бұрылмаған.
Сен тұратын көше бөлек маған,
Сені көріп қана тағат табам.
Туған айға тағзым еткендей-ақ,
Тағзым етіп саған қарап қалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу