Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  245


Автор: Ибрагим Иса

Жаным-ау, сенсіз көрген күнім...

Жаным-ау, сенсіз көрген күнім,
Жүректен өшірер нұрды.
Жаным-ау, сенсіз терген гүлім,
Жаураған жапырақ сынды.
Жаным-ау, сенсіз атса таңым,
Үнсізбін үзілген шектей.
Жаным-ау, сенсіз салған әнім,
Жатады жүрекке жетпей.
Жаным-ау, сенсіз өткен күнім,
Жұлдыздай жабырқап тұрған.
Жаным-ау, сенсіз өмір бүгін,
Ажырап қалғандай нұрдан.
Жаным-ау, сенсіз бәрі елес,
Түсемін мұңайған күйге.
Жаным-ау, сенсіз көркем емес,
Осынау жап-жарық дүние.
Жаным-ау, сенсіз көңіл түнек,
Кеудемді бөлемес сазға,
Жанмы-ау, сенсіз жанбас жүрек,
Шөлдеймін өзіңдей назға.
Жаным-ау, сенсіз көңіл алаң,
Серпілем өзіңмен ғана.
Әйтеуір, жаным, сен де маған,
Махаббат көзімен қара.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу