Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  104


Автор: Ибрагим Иса

Алыстап кетті аңсаған көктем бүгінде...

Алыстап кетті аңсаған көктем бүгінде,
Ғұмыр дегенің қалды ғой кешқұрым болып.
Құлақ түремін кей-кейде, өткен күніме.
Бір сағыныштың дауысын естігім келіп.
Сол дауыс сенің дауысың ғой үзілмей тұрған,
Сағынышымды сарғайтып қайда барамын.
Жанымдай болып жүретін көзімдей қорған,
Өзіммен өзім сырласып, ойға қаламын.
Өзгермейтұғын кеудемнен көрем көзіңді.
Жоғалтып алмай жүрсем деп қолдан шырынды.
Ұмытқан жоқпын аяулы әсем кезіңді.
Ұмытқан жоқпын, аяулым, ақ нәскиіңді.
Жұбым боп әсем жарқырап жүрсің, арманым,
Келіп қалды ғой байқатпай келетін күз де.
Сен армандаған шыға алмай бір шыңыма, әнім.
Шығатын кезім бар шығар, үмітіңді үзбе.
Сағынышыңды ұқпайтын кері көздер көп,
Төгіліп тұрған шашыңдай мінезің бөлек.
Көзімді ашсам тұрады сені көргім кеп,
Өзімді өзім бақытқа келемін бөлеп.
Ғашықтар сынды кеудемде сән құрып керім,
Өтіп кетті ғой байқатпай сырғадай көктем.
Жүрегімде үнсіз жатпай ма жаңғырып менің,
Өзің айтатын бір әнді тыңдамай кетсем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу