Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  406


Автор: Ибрагим Иса

Құдайға шүкір

Қанағат етіп барға да,
Қанағат етіп жоққа да,
Рахым күттік Алладан,
«Құдайға шүкір!» деп қана.
Өмірге екі келмеспіз,
Сақтасын бәле-жаладан.
Аш болсақ дағы өлмеспіз,
«Құдайға шүкір!»,
Ел аман.
Топан су қаптап кетсе де,
Бөтен бір жаққа көшпейміз.
Қаралы хабар жетсе де,
«Құдайға шүкір!»,
Не істейміз.
Таласпайды әсте таққа да,
Сарсаңға түскен сырқаттар.
«Жетеді» дейміз жоққа да,
«Құдайға шүкір!»
«Ұрпақ бар».
Әйтеуір шыдап келеміз,
Жатса да бәрін талап ап.
Дейміз де жүре береміз:
«Құдайға шүкір!»
«Қанағат».
Адамға әр кез қайғы жау,
Құламас жерде құлайды.
«Құдайға шүкір!» дейміз-ау,
Ұмытсақ дағы Құдайды.
Уәдеден ел де жалықты,
Кетті ғой тірлік шашырап.
Әйтеуір жүр ғой халықты,
«Құдайға шүкір!» асырап.?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу