Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  118


Автор: Ибрагим Иса

О, бойжеткен...

О, бойжеткен,
Өтті бәрі.
Өкінесің сен босқа.
Біздерге енді бақыт бөлек,
Енді жүрер жол басқа.
Ештеңе де өкінгенмен оралмайды ешқашан,
Сондықтан да өзге заңнан уақыт заңы басқаша.
Енді сені қуантпайды менің жақсы жыр – әнім.
Саған енді суық болар менің жылы тұрағым.
Баяғыдай күле алмаймыз,
Жүре алмаймыз бірге біз.
Соңымызда қалмайды енді біздер қатар жүрген із.
Баяғыдай қатар тұрып тыңдамаймыз құс әнін,
Қазір салқын сенің маған,
Менің саған құшағым.
Кеудемізді мекендеген махаббаттың бір құсы.
Жылы жаққа ұшып кеткен,
Келмеген соң тұрғысы.
Ештеңе де оралмайды,
Оралмайды,
Жоқтама.
Оралатын өкінішті естеліктер тек қана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу