Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  123


Автор: Ибрагим Иса

Есіңде ме?

Есіңде ме?
Жұлдызсыз қараңғы түн
Тұрушы ең-ау беріліп маған бүтін.
Ығыстырып сол шақты
Арамызға
Содан бері қаншама жамалды күн.
Өткен күндер ойында жатыр ма анық,
Тастадың ба кеудеңнен атымды алып?
Есіңде ме,
Сан рет қуанышқа
Бөленгенің
Сағыныш-хатымды алып.
Талай таңды қарсы алып өзіңменен,
Махаббаттың не екенін сезінген ем.
Арман шақтар сондағы есіңде ме,
Есіңде ме сол түндер көз ілмеген?
Алыстады арамыз
Алыс қалдым.
Сенсіз көрдім бейнесін таныс таңның.
Талай рет қоштасып,
Есіңде ме,
Сағынышпен сан рет табысқан күн?
Бара жатыр өткенді жаңартып күн,
(Мінезің де өзгерген болар тіпті.)
Бәрі есімде,
Көп біліп сен арқылы,
Сен арқылы көп нәрсе жоғалтыппын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу