Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  111


Автор: Ибрагим Иса

Есіңде ме... (Ол күндер де ұзады.)

Есіңде ме...
(Ол күндер де ұзады.)
Онда, онда жастау едік біз әлі.
Құрылмаған,
Құрылмаған кезі еді
Саған, маған махаббаттың тұзағы.
Таппаған соң кездесудің амалын,
Көрейін деп не де болса боларын.
Жүретінмін саған жырмен хат жолдап,
Жүрегімнің соған құйып бар әнін.
(Мұның бәрі айтылар сыр бүгінгі,
Ал өткен күн – есте қалған тігінді.)
Алып жүрдім сенен де ылғи жауап хат
Жазылатын:
«Ұнаттым, деп жырыңды.»
Осылайша хаттар жолдап өлеңмен
Ыстық жауап алып жүрдім сенен мен.
Жақсы жырмен бағындырып өзіңді,
Жықсы жырмен қуанышқа бөленгем.
Бұл жағдайды
тілімденіп жүрегі
Шын ғашық боп көрген жандар біледі.
Соның бәрі өз сезімім болғанмен
Кешір, бәрі Тұманбайдың жыры еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу