Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  123


Автор: Ибрагим Иса

Жұмбақ жан

Белгісіз бір көк мұхиттың төсінде,
Жүзіп келе жатыр жұмбақ екі адам.
Күн тал түс пе, әлде кеш пе, бесін бе,
Үміті бар екеуінің жағадан.
Жағалау да көрінбейді мұнартып,
Жететін жер алдамшы.
Екеуінің аңсағаны құмартып,
Жағалау бір қорғансыз.
Толқын бейне шөп сияқты жел соққан,
Ал балықтар аң сияқты азулы.
Ағыстармен бізге қарай қарсы аққан
Күресеміз, маңдайға сол жазулы.
Біз ақынбыз, жанымызды кім ұғар,
Біз өлгенмен өзгермейді тіршілік.
Бір ұяны іздеп жүрміз тынығар,
Біз өлгенмен тұра берер күн шығып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу