Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  130


Автор: Ибрагим Иса

Жігіт сыры

Отырыс та, кештер де көп біз барған,
Жүрген жерде күдік қалған, із қалған.
Талай, талай даттау алдық... жарайды...
Талай, талай мақтау алдық қыздардан.
Мұның бәрі арман емес асылы,
...сұлуларға тұзақ құрдық жасырын.
Биік тұрып төмендедік амалсыз,
Сүйіп тұрып біреулердің ғашығын.
Бойжеткендер жұмыртқадай аршылып
Шыға келер...
Бейне нәзік тал шыбық.
Қыздар жаққа жетектейді аңшы – үміт,
Көрсетпесе екен, дейсің, қарсылық...
Бұлт жамылып махаббаттың аспаны,
Жалғасады жалған сезім дастаны.
«тимеймін» деп уәде берсең.
Кей қатын,
«сүймеймін» дер, күйеуімнен басқаны.
Сезіміңді өтірікке малшынған,
Төзіміңді түте-түте таусылған,
Шашып, шашып,
Қажып келіп құлайсың,
Сең соққандай,
сел соққандай қарсыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу