Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  77


Автор: Ибрагим Иса

Бас

Өз-өзіне беретін биік баға,
Түспейтұғын тұзаққа, құраққа да.
Біткен екен қалқиып жүру үшін,
Бас орнына кеуде мен иық қана.
Үмітінің белгісіз сөнер күні,
Кеудесімен итеріп кедергіні,
Аяқтағы балшықтай – ар-намысы,
Көшедегі шалшықтай – тереңдігі.
Баспен бірге жоқ ауыз,құлағы да,
Қуанғаны белгісіз, жылады ма?
Сөзі де жоқ,өзі жоқ құбыжықтар,
Басы барды басынып тұрады ма?!
Ойсыздардың өлексе түрін қара,
Ми орнында оларда жұлын ғана.
Басы барды қуып жүр қуыстарға,
Осыларды туып жүр бүгінгі Ана.
Аяғымды амалсыз тартып басам,
Басы барға жетер ем, бақыт болсам,
Бассыздардың, шіркін-ай, келер екен,
Жұлындарын үзетін уақыт қашан?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу