Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  103


Автор: Ибрагим Иса

Асан қайғының қәзіргі қазақтарға айтқаны

Жана алмай әрқайсысың жеке маздап,
Діндерің қалжыраған екен аздап.
Әйтеуір қыл мойында қалыпсыңдар,
Алаңсыз кәпір болып кете жаздап.
У болып кетіпті ғой бақшаларың,
Су болып кетіпті ғой шақшаларың.
Шабан боп кетіпті ғой сенгендерің,
Сабан боп кетіпті ғой ақшаларың.
Жоғалар көп көрмеген жақындарың,
Не болар ат көрмеген тақымдарың.
Ертек боп кетіпті ғой өткендерің,
Еркек боп кетіпті ғой қатындарың.
Кетпейді енді Арал мен Балқаш толып,
Қалады арналарың жартас болып.
Кәрің де, қарап тұрсем, қисаңдап жүр,
Бәрің де кетіпсіңдер алқаш болып.
Қалқиып қалыпты ғой құлақтарың,
Тартылып қалыпты ғой бұлақтарың,
Қаптаған қиындықтың құрсауында,
Жүрсіңдер қалай шыдап, шырақтарым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу