Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  135


Автор: Ибрагим Иса

Туған жерді аңсау

Иілмейтін басымды,
Саған ғана иемін.
Топырағыңды, тасыңды,
Тәу етемін, киелім!
Шуағыңа жанымды
Шомылдырсам деуменен.
Желбіреген әнімді,
Жеткіземін желменен.
Ізі қалған бабамның,
Жолдарың сыр шертеді.
Сағынышы даламның
Өзегімді өртеді.
Ажырамас жанымыз,
Сені ғана аңсаймын.
Саған деген сағыныш,
Оятады таң сайын.
Айтатындай «шіркін» деп,
Тамсандырып таңдайды.
Көмейімде бүлкілдеп,
Ән тұрады сен жайлы.
Тұлпарлардың тұяғы,
Дүрсілдеткен мекенім.
Келбетіңмен баяғы,
Тұрсың кетпей, не етемін?!
Жан сарайым ашылар,
Самалыңмен сырлассам.
Мауқым сонда басылар,
Топырағыңды бір бассам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу