Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  73


Автор: Ибрагим Иса

Ұрпақтар үні

Біз ештеңе білмейміз,
Біз ештеңе көрмейміз.
Біз ештеңе алмаймыз,
Біз ештеңе бермейміз.
Байла десе – байлаймыз,
Сайра десе – сайраймыз.
Қолда десе – қолдаймыз,
Алда десе – алдаймыз.
Биле десе – билейміз,
Иле десе – илейміз.
Күйре десе – күйрейміз,
Сүйме десе – сүймейміз.
Бізді осылай үйреткен,
Бізді осылай билеткен.
Біздің арман, сенімді,
Тумай жатып күйреткен.
Сыйламаймыз үлкенді,
Ойламаймыз ертеңді.
Оянбаймыз ешқашан,
Жая алмаймыз өркенді.
Мешел ұрпақ деген – біз,
Көр соқырмыз, кереңбіз.
Мына мылқау заманның,
Күшаласын жегенбіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу