Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  134


Автор: Ибрагим Иса

Туған жер

Аялап,ойлап оралсам,
Санама симас өлшемің.
Ең үлкен бақыт, бола алсам,
Титімдей ғана бөлшегің.
Алыстан аңсап жетемін,
Басқаны қайтем армандап.
Бақытты болып кетемін,
Табаным саған тигенде-ақ.
Даламның белес-белдері,
Керіліп жатыр кезекпен.
Қасиет туған жердегі –
Өз ұлын теппес өзектен.
Көз шырымын ап таң алды,
Тұрсам да ұйқым қанғандай.
Жатасың арбап жанарды,
Кіндігім байлап қойғандай.
Алыста жүрсем күншуақ,
Сен жақтан түсіп тұрғандай.
Сағыныш атты ыршып ат,
Тартады саған қайрылмай.
Мендегі сезім тұрақты,
Ажырамас боп кеткенбіз.
Жетемін саған, сияқты,
Көктемін аңсап жеткен құс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу