Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  104


Автор: Ибрагим Иса

Армандар қалқып жүретін көкейімде әсем...

Армандар қалқып жүретін көкейімде әсем,
Жақсы өмірді ойлап амалсыз миым қатады.
Өзім көздеген межеге жетейін десем,
Өмірдің қырсық жолдары қиындатады.
Амалым жоқ қой,
тағдырдың көтерем жүгін,
Өзімді-өзім қашқанда қайда алып барам?
Алаңдамай-ақ сол жаққа кетер ем бүгін,
Қайтып келмейтін болған соң...
Ойланып қалам.
Миым да ауыр ойлардың мекені болып,
Адасып кетпейінші деп тоқтадым кілең.
... Жүгенсіз ойдың қайтемін жетегіне еріп,
Адамзатқа бір түбінде сот барын білем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу