Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  300


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Не керек

Дүниеге келгенде,
Кеткенде,
Адамға бар-жоғы,
Не керек?
Біледі оны әрбір жан
Екі-үш құлаш шүберек!
Туар сұрақ,
–Тағы да немене?
– Басқа ештеңе!
Келу мен кетудің,
Арасында өмір сүрудің.
Білуге құндылығын,
Түсінуге шын мәнін.
Жеткілікті ойласаң,
Басы мен аяғын,
Өтіп жатқан өмірдің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу