Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  101


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Сұраққа - жауап

Не айтар ең, жолықсаң сен Алламен?
Журналист сұрайды, кейіпкерден...
Маңызы зор, оңай емес, осы сұрақ,
Әр адамды әр қалай ойландырмақ.
Туып жатса, осындай ұлы мүмкіндік,
Жүздескен жан, үнсіз қалмас, ол анық.
Жауабы болар, әр адамның әр түрлі,
Жағдайына, мансабына байланысты.
Біледі жұрт, бір Жаратушы бар екенін.
Тағдырын бар адамның шешетұғын.
Тәубесіне келтірген, асып-тасқанды.
Жарылқаған, өзі сүйген жандарды.
Бар әлемді бір жүйеге бағындырған.
Жаратқанға, мен өзім не айта алам?
Мүмкін болса, айтар ем мен Аллаға,
Рахмет деп өз басым Сен барына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу