Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  89


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Аңсау

Өткендерін сағынбаған,
Бұл өмірде бар ма адам?
Ұшырған ұям, өскен ортам,
Аңсауменен еске алам.
Бірге өскен құрбы, достар,
Жолықпасам, сағындырған.
Ризамын мен, тағдырыма,
Сендерменен табыстырған.
Саралап сынаймын,
Өз өмірімді.
Табуға іздеймін,
Өз орынымды.
Өткенді көп аңсаймын,
Оның ыстық сәттерін.
Сезініп, бағалаймын,
Әрбір күнін өмірдің.
Ғашықпын мен, өмір саған,
Мақсатым көп, армандаған.
Орындауға сен де, өмір,
Мүмкіндіктер берші маған.
Біздің заман өтіп жатыр,
Уақытпен мынау, зымыраған.
Қандай болмақ, қалдырған із?
Сол туралы көп ойланам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу