Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  133


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Уақыт - өмір

Арқаны кеңге саласың,
Өмір сүру деп бақыт.
Өкініп кейін қаласың,
Кеткесін өтіп уақыт.
Өмір деген уақытпен,
Сәттер болып тізілер.
Әрқайсысы кезекпен,
Өтпейтіндей көрінер.
Өткен шаққа наларсың,
Мәнсіз кеткен күндерге.
Уақытты қайдан табарсың?
Үлгермеген істерге.
Жоқ пен бардың арасын,
Қай кезде сен сезерсің?
Барлығының бағасын,
Жоғалтқанда білерсің.
Дөңгеленген дүние,
Тоқтамас әрі бір сәтке.
Уақыт өмір емес пе?
Жаратсаң оны кезінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу