Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  110


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Бағалау

Рахаттана күлерсің,
Кенелсең қуанышқа.
Бағасын оның білерсің,
Өкініш орнын басса.
Орындалар істерің,
Денсаулықтың барында.
Қажетін оның білерсің,
Кенеттен ауырғанда.
Бар жақсылық тілерсің,
Жаныңдағы достарға.
Қадірін достың білерсің,
Сенгенің сені сатқанда.
Жас болып жүрерсің,
Көңіліңнің арқасында.
Кәрілікті сезерсің,
Бойдан қуат қайтқанда.
Өмірді әр күн сезерсің,
Арайлап атқан әр таңда.
Өлімнің барына сенерсің,
Замандас қайтып жатқанда.
Бағасын бар дүниенің білуге,
Қажет, керісін оның көруге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу