Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  111


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Осы көш

Біреу ерте, біреу кеш,
Тоқтауы жоқ осы көш.
Санаспайды уақытпен,
Кетер алып кезекпен.
Күнделікті осы көш,
Берер бізге сабағын.
Бастауы болған өмірдің,
Соңы да бар боларың.
Әрбір адам – жолаушы,
Тұрағы жоқ осы көште.
Кетері оның ақиқат,
Ерте ме, әлде кеш пе?
Біреу ерте, біреу кеш,
Тоқтауы жоқ осы көш.
Өткізіп барып мерзімді,
Қалдырмайды ешкімді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу