Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  105


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Тірлік - теңіз

Маза болмас адамда,
Тірлік атты – теңізде.
Айдындағы дауылдың,
Екпіні ұрар әр кезде.
Теңіз суы толқытады,
Айдындағы адамдарды.
Бірге соғар толқынмен,
Мазаланған адам жаны.
Қуалай келген әр толқын,
Аямастан соққысын.
Сынайды кеп әр жанның,
Адами оның болмысын.
Арасында ағынның,
Ізденуде жаны оның.
Таппаққа өз амалын,
Су бетінде қалудың.
Толқындардың ағыны,
Бірге әкетіп барады.
Кезегімен кемітіп,
Санауы бар жылдарды.
Арпалысқан әр пенде,
Сапырылысқан теңізде.
Жаны барып жай табар,
Жағаға кеп жеткенде.
Соңғы демі біткенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу