Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  287


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Тағдырдың жазғаны

Тағдыр салар әркімге өз салмағын,
Өмірдегі жүріп өтер жолында.
Маңдайына жазылады әр адамның,
Не болары бағына, әлде сорына?
Келешекте не боларын кім білер?
Тірі жүрсе әрбір жан өзі көрер.
Әркімнің басынан өткен жайды,
«Тағдырдың жазғаны» деп айтады.
Тағдырдың қабылдаймын не жазғанын,
Тартамын керек болса бар азабын.
Көтеремін қиындықтың ауыр салмағын,
Төзермін, жүрек ауырып, сыздағанын.
Білемін уақыт оза өтеді барлығы да,
Тілеймін сыйынып аталардың аруағына.
Болса деп, өмірдегі өз жолымда,
Ниетке сай, тағдырдың жазғаны да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу