Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  74


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Алланың ісі

Жоспарлап, жобалап келісті,
Атқарар адам, талабымен әр істі.
Бар істер, келмейтін қолынан,
Шешуге, мүмкіндігі жоқ оған.
Ол – араласа алмайтын еш кісі,
Тек қана, бір Алланың өз ісі!
Сол себепті, таппай шара,
Үміт етер тек Аллаға.
Болcа, сондай іс-тосыннан,
Көнер адам оған, амалсыздан.
Біледі, төзеді оны әрбір жан,
Шешім ол қабылданған Алладан!
Болған іске көнеміз біз,
Бұл – Алланың ісі дейміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу