Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  115


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Туған жердің топырағы

Туған жер – әркімнің өз жұмағы,
Болса да әртүрлі құрамы,
Барлық жанға бірдей ыстық,
Туған жердің топырағы.
Сенде туып, адам болып жаралды,
Сенде өсіп, қасиетіңнен нәр алды.
Борыштар саған әрбір жан,
Туған жердің топырағы.
Уақыт өте құндылығы артады.
Жас ұлғая, өзіне ол тартады.
Өтерде өмірден бұйырса дейміз,
Туған жердің топырағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу