Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  74


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Ұлтқа тілек

Тағдырдың ғасырларда бір беретін сыйлығы,
Тұрғанда, қолымызда, тәуелсіздік тізгіні.
Қор қылатын қасиеттерден айырылып,
Түбегейлі өзгеретін, халқымызға күн туды.
Қызғаншақ, іші тар, қазақтарға қайран қалам.
Неге үйренбейді, мынау дархан даламнан?
Сайын жерді, сай болсын деп берді, саған.
Кеңдік пен жомарттық, ыстық ықылас жайлаған!
Тірлікте бірін-бірі әрқашан жүрсе қолдап,
Болып, болар елдің балалары – әрбір қазақ.
Көп жоғалттың, көп ұтылдың, өткеніңде,
Несібең одан да көп, алда алмақ, алға қазақ!
Көрсем деймін, елімді толық жаңарған,
Сүйсем деймін, рухы үшін, биік дамыған.
Тірілікте, мақтана алсам, әрбір қазақпен,
Армансыз, бұл дүниеден, өтермін мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу