Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  132


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Қараша қаз

Қалың қаздың алдында,
Қараша ұшар оқ бойы.
Бірақ нәрсе оның жадында,
Үйірінің амандығы – бар ойы.
Қаз да қаз, қараша да қаз.
Олардың айырмашылығы да аз.
Қарашаның бар артықшылығы –
Туа біткен сезімталдығы.
Қауіп көрсе қаңқылдар,
Қалың қазға беріп хабар.
Аман-есен болуы үйірінің,
Бар мақсаты – сол болар.
Жүрсе де әр кез алда ұшып,
Үйірінің амандығы жолында.
Кей кезде кетер жер құшып,
Алдынан тосқан оққа ұшып.
Қаңқылдап ұшқан қарашаға,
Теңеймін нағыз ақындарды.
Көпшіліктің болып олар алды,
Сақтандырар қандастарды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу