Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  234


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Тектілік

Тектілік бола бермес әр адамда,
Тектілік бар кейбір хайуанда.
Ерекше асыл осы бір қасиет.
Бірге туар оларды жаратқанда.
Далада жортқан сұр қасқыр,
Киелі көкбөрі оның шыққан тегі.
Ешқашан ешкімге де бас имей,
Тәкаппарлықпен еркіндікте жүреді.
Сатылмайды алдап берген тамаққа,
Шыдамайды зорлап тыққан қамаққа.
Өрлікпен еркіндікті мұрат қылып,
Жанын қияр аспандағы айға атылып!
Өмірдің небір қиын жағдайында,
Қауіпте қандай болса да басы.
Текті адамның болар қағидасы:
«Жаным, әркез арымның садағасы»!
Абыройын, еркіндігін сақтауда,
Ұлтым көкбөріні тұтқан пір.
Әрқашан да тектілікті ардақта,
Көкжалменен сенің рухың бір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу