Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  214


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Немереге

Бұрын-соңды болмаған,
Дүниеде сен жаңа адам.
Енді келдің өмірге,
Үмітіміз көп саған.
Ұзақ уақыт сағынған,
Қуанышқа туылған.
Немереміз өзіңсің,
Әулетті жалғаған.
Риясыз сенің күлгенің,
Қуанышқа бөлегенің.
Арттыруда маңызын,
Өтіп жатқан күндердің.
Қуанта бер әрдайым.
Қолдасын әркез құдайым.
Аманатын бабалардың,
Саған енді табыстайын.
Кір келтірме әулетке.
Еңбекпен жет дәулетке.
Мақтаныш болу еліңе,
Басты мақсат емес пе?!
Тілейміз саған зор бақыт.
Тілейміз саған денсаулық.
Биік сенің табысыңа,
Жүрейік біз қуанып.
Жалғаушысы болатын,
Дамуында адамның.
Ең маңызды өмірде –
Үзілмеуі ұрпақтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу