Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  134


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Еңбек

Еңбекпенен байланысты,
Өмірдегі алғашқы қадам.
Еңбектемей бала болып,
Тұра алмайды аяққа адам.
Еңбекпенен байланысты,
Күнделікті күніңді көру.
Еңбек етпей мүмкін емес,
Бұл дүниеде өмір сүру.
Ойдан, бойдан кетсе қуат,
Көпшіліктің болып бірі.
Боларсың барлығына тәуелді,
Еңбек ете алмайтын күні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу