Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  83


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Мал мен жан

Молынан жеп азығын,
Толтырып өз қарынын.
Күйсейді тойынған,
Төрт аяқты хайуан.
Даму менен жетілу,
Қажет емес тіпті оған.
Бар ойы – қарын толтыру,
Ертеңінде қайтадан.
Борыштармыз Аллаға,
Он сегіз мың ғаламда.
Сана берген адамға,
Жетілу мен дамуға.
Өміріңде әрбір жан,
Қорек алып санадан.
Жан азығын таппаса,
Адам болып қала ма?
Тән үшін өмір сүрмек –
Хайуанша күйсемек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу