Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  92


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Нөсерден кейін

Кеткесін ойнап найзағай,
Өткесін күн күркіреп.
Сейілген сұр аспаннан,
Жауып тұр жауын, сіркіреп.
Түнерген бұлттар кетсе де,
Нөсерге өткен, болып себеп.
Тыныштық тосқан жанымды,
Тамшылар тұр әлі, себелеп.
Берші маза, жаныма менің,
Тиіп жатқан, әр тамшы.
Жайымен соққан жүректің,
Жиілігін сен, бұзбашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу