Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  89


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Әппақ қар

Қыстың суық ызғарында,
Өткізбеуге жел өтін.
Әппақ қар кеп жабады,
Тоңазыған жер бетін.
Әппақ түске өзгертеді,
Кескінсіз, қара аймақты.
Тұрғындарын жетелейді,
Сай болуға жан-жақты.
Күннің төккен жылуымен,
Бойға жинап ылғалын.
Тірлік үшін жер үстінде,
Сыйға берер бар нәрін.
Кезінде келді, жер бетіне.
Жасауға тек жақсылық.
Уақыты жетті, еріп кетті.
Айналаны жасыл ғып.
Қоршаған орта – табиғаттың,
Әппақ қар тек бір көрінісі.
Адамдарға, бұл жалғанда,
Келіп, кетудің үлгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу