Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  89


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Табиғаттан тағылым

Таулардан құлап су ақса,
Өзен болып жайылар.
Көңілі кімнің кем болса,
Кең дүние тарылар.
Ылғалға түскен әрбір дән.
Жайқалып кейін өседі.
Жігерсіз өскен кейбір жан.
Жанбай жатып өшеді.
Алма ағашы гүлдейді.
Жұртқа беріп жемісін.
Адамдарға меңзейді,
Табиғаттың үлгісін.
Арайлап атқан әрбір таң,
Жалғастырар өмірді.
Қара басты ойлаған,
Жарылқамас ешкімді.
Шуағын төккен күнменен.
Дамиды бар тіршілік.
Басқаларды күндеген,
Адамдар әлі баршылық.
Өзіне тән заңдармен,
Үйретеді бізді табиғат.
Қабылдаса оны жүрекпен,
Дамиды дұрыс адамзат.
Үйлестіруге барлығын,
Басқанда әр қадамын.
Қажет өмірінде адамның,
Табиғаттан тағылым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу