Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  88


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Күнге көлеңке

Бар табиғат, жан-жануар,
Дамиды бөленіп күн шуағына.
Ал адамдар, сонымен қатар,
Жақсылардың шапағатына.
Өздерінің өсіп-өнуіне,
Күннен нәр алады бар тіршілік.
Ал адамдарға сонымен бірге,
Өте қажет рухани біліктілік.
Күннің көзін көлеңкелейтін,
Аспанда жөңкіледі қара бұлттар.
Өмірде қара түнек төндіретін,
Бар қара ниетті кейбір жандар.
Дүниенің бар шуағын көре алмай,
Кейбіреудің кесірінен қара бұлттай.
Өтеді өмірден озып жан талай,
Өзінің бар жемісін бере алмай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу