Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  124


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Сен мені ойлайсың ба???

Сен мені ойлайсың ба кей уақытта?
Болғанда жақын, әлде жырақта.
Күніне жүз ойланам, іздеп жауап,
Толғандырған мені осы сұраққа.
Сен мені ойлайсың ба мен сияқты?
Іздеген суық түнде күншуақты.
Сөндірмей, жүрегімде аялаймын,
Лаулаған саған деген махаббатты.
Басылмайды, өзіңе ынтық сезім,
Аңсарым, тосарым да бір өзің.
Сені іздеп, лүпілдеп соққан жүрек,
Табады тек өзіңнен жан жылуын.
Сен де, ойлайсың ба, мен туралы?
Еске алып, бірге екеуміз болғанды.
Жүремін арман қылып әр уақыт,
Сол күнді – арманға қосар арманды.
Сен мені ойлайсың ба ғашығыңдай?
Өмірде қайталанбас асылыңдай.
Айтамын мұның бәрін үмітпенен,
Сен жәйлі менің ойым дәл осындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу