Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  106


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Сұлулық

Он сегіз мың ғалам,
Барлық затты қоссаң оған,
Солардың арасынан,
Ерекше болып жасалған.
Қараса көз тоймайтын,
Қайырылып қайта қарайтын,
Жан ләззат алатын,
Ойда ұзақ қалатын.
Өмірде бар құндылық,
Оның аты – сұлулық!
Сұлулық бар әр салада,
Болуға үлгі басқаларға.
Сұлулыққа құмарлық,
Мойындайтын ол анық.
Себеп болар қоғамға,
Жетілу мен дамуға.
Сұлулығын бар нәрсенің,
Болады бағалауға көзбен көріп.
Тек қана мүмкін білуге,
Сұлулығын адамның ішпен сезіп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу