Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  90


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Адам - ғалам

Әр адам, бір ғалам,
Бойында оның тоғысқан.
Қайшылықтар үнемі,
Бір-бірімен алысқан.
Бар олардың дұрысы,
Бар олардың бұрысы.
Анықтайды оларды,
Әр адамның болмысы.
Біле алмай дұрысын,
Қабылдауға шешімін.
Тұңғиықта беймәлім.
Қиналады жаны оның.
Көрінісі мынау ғаламның –
Жан дүниесі адамның.
Сырын оның ашуға,
Жетпейді әлі сананың.
Бар екенін жұрт біледі.
Бұл ғаламның екі тірегі.
Жол көрсетер адамға,
Ақылы мен жүрегі.
Мақсатын адам көздейді,
Жету жолын іздейді.
Арман қуып әлінше,
Үмітін еш үзбейді.
Талпынады ол алға.
Сенім артып арманға.
Жай таппай жаны өтеді,
Тұрақсыз мына жалғанда.
Әр адам, бір ғалам.
Жаралған Алладан.
Әр жанның ішкі әлемі,
Қайталанбас ешқашан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу