Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  245


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Өмірге деген құштарлық

Сәби жатыр бесікте,
Айналасына таңдана.
Қолын созып ұмтылады,
Келешегіне талпына!
Азамат жүр алып, сатып,
Өмірдің қызған базарында.
Өз үлесін қалмақ қамтып,
Бұл дүниенің саудасында.
Жасы жеткен қария,
Жатыр төсек тартып.
Қамығады, біледі ол,
Келмейтінін енді қайтып.
Ғұмырдың әр кезеңінде,
Өзгермейтін бар анық.
Ол – ешқашан өшпейтін,
Өмірге деген құштарлық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу