Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  98


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Ой қуаты

Толқыған ой,
Асып өз кемерін,
Айналады іске,
Қыздыруға диірменін өмірдің.
Іс-қимыл,
Кезегімен,
Жиілігімен,
Айналады, әдетке,
Жүйеленген.
Бойға сіңген әдет,
Адамды жетелеп.
Қалыптастырар оның,
Өмірлік мінезін.
Ал, қалыптасқан мінез,
Айқындар әр жанның,
Басар қадамын,
Болар тағдырын.
Ой-іс – әдет-мінез тізбегі,
Адам тағдырының өзегі.
Ой толқыны қалай ағады
Қалғаны да, сондай болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу